Достық көшесіндегі дау
Главные вкладки
Қаскелең қаласындағы Достық көшесі. Бір ғана көшенің өзінде бірнеше жылдан бері шешімін таппай келе жатқан бірнеше проблема бар.
Мешіттегі жұма намаздан шыққан жамағат көкейлерінде жүрген мәселелерді жарыса айтты. Халық арасында «Плодоконсервный» деп аталып кеткен бұл ықшам ауданда 15 көше бар. Халық тығыз орналасқан. Тұрғындар әсіресе бірнеше жылдан бері жол азабын тартып келеміз дейді. Олар әкімдіктен ой-шұқыры көп көшені жөндеп, шетіне тротуар салып беруін сұрайды.
Сондай ақ Абдырахман ақсақалдың айтуынша бұл жерді мекендеп отырған жұрт ағын суға да зар болып отыр. Себебі, арықты абаттандырамыз деп салған лотоктардың құрылысы толық аяқталмай қалған.
Тұрғындармен кездесуге бара жатқанда біз қала әкімдігіне хабарласып, мән-жайды айттық. Шулаған жұрт тарқасып кеткен соң, кешігіп қала әкімінің орынбасары Рафаель Мұқанов та келіп жетті. Тұрғындар жергілікті билікке қояр талаптарын нық жеткізді.
Өз кезегінде атқамінер жолданған сауалдарға рет-ретімен жауап берді. Қала жолдары кезек-кезек жөнделіп жатқанын, мұнда да кезек келетінін мәімдеп, жұртшылықты сабырға шақырды.
Нұргүл Әлменбетова.