Дәрігер әкімдерге ренжіп, өзі 3 миллион теңге несие алып, жол жасады

Главные вкладки

июл 04, 2020 / 0 комментарии

Алмалыбақ тұрғыны әкімдерге ренжіп, өзі 3 миллион теңге несие алып, жол жасаған. :sunglasses:

Қарапайым тіс дәрігері Елдар Етекбаев жергілікті биліктің мұғалімдер мен дәрігерлер мекендеген көшені жөндеп бере алмағанына өкпелі... Елдардың айтуынша, ол Алмалыбақ ауылы, Бабаев көшесінде 25 жылдан астам уақыт тұрып келеді екен. Осы уақыт аралығында жергілікті биліктің берген уәдесінен шаршаған көрінеді.

Сөйтіп, ойлана келе несие алып, өзі тұрып жатқан көшеге асфальт төсеген. Енді ол үш жыл бойы алған несиесін өтеуі керек.

Қалай ойлайсыздар, дұрыс жасады ма? Әлде 30 жыл жолдың жөнделуін күткен азамат тағы бірнеше жыл шыдауы керек пе еді?
Қарапайым тұрғынның бұл ісі кімдерге үлгі болуы керек?

 

https://www.instagram.com/tv/CCJZhfZj6pg/?utm_source=ig_web_copy_link