Екі жасар бала терезеден құлап кетті

Главные вкладки

янв 27, 2021 / 0 комментарии

Қостанай облысында 2019 жылы туған балақай көппәтерлі тұрғын үйдің екінші қабатынан құлап кетті деп хабарлайды Kaskelenkz.
Басылымның жазуынша, оқиға 26 қаңтар сағат 16:35 кезінде Рудный қаласының Тобыл көшесінде болған. 2 жасар бала үйінде 20 жастағы әпкесімен бірге қалған.
Әпкесі қонақ бөлмеде отырғанда, сәби ас үйдегі терезе маңында ойнап жүрген. Кенет ол ашық қалған терезеден сыртқа құлап кеткен.
Абырой болғанда бала үйілген қардың үстіне түскен. Кішкентай қыз бірден Рудный көпсалалы ауруханасына жеткізілді.
"Тексеруден кейін балалар бөлімінің дәрігерлері оның өміріне еш қауіп төніп тұрмағанын айтып, ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ деген қорытындыға келді. Қазіргі уақытта бала үйде ата-анасының қарауында" - дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Уәлихан Досанов.

Облыстық ТЖД балаларды үйде қараусыз қалдырмауға, қауіпсіздік ережелерін барынша сақтауға шақырады. Сонымен қатар терезелерге қауіпсіздік торын орнатуға кеңес береді.