Елбасымыздың есімі мәңгі тарихта
Главные вкладки
Тәуелсіздік жеті қыры, жеті ізгі,
Елбасының дара жолы негізгі.
Сын сағатта парасатты шешіммен,
Бір тағдырлдас елдігіміз сезілді.
Тар кезеңде бағындырған асқарды,
Жаңғырудың жаңа жолы басталды.
Елбасының дара жолы ұйымшыл,
Шақырады болашаққа жастарды!!!
Қазақстан халқы жыл сайын желтоқсан айында екі бірдей тарихи оқиғаны - Тұңғыш Президент күнін және еліміздің Тәуелсіздік күнін бүкілхалықтық, ұлттық мереке ретінде тойлайды. Осы орайда бұл екі ұлттық мейрамның бір-біріне мағыналық жағынан өте тығыз байланыста екендігін аңғаруға болады. Еліміздің азат ел болу шежіресі сан түрлі белестер мен тағылымы терең тарихтардан тұрады. Көп жылдар бойы халқымыз тәуелсіз ел болуды армандады, бейбіт өмір сүруді қалады. 1 желтоқсан – еліміздің мемлекеттік тәуелсіздігіне қол жеткізу тарихында және жаңа мемлекеттің даму стратегиясын айқындауда орасан зор маңызға ие болған Тұңғыш Президент күні болса, арадан он бес күн өткенде Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі, егеменді ел болғандығы жарияланды. Яғни тарихымыздың жаңа дәуірі, жаңа кезеңі басталды. Ол – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.
16 желтоқсан – ата-бабамыздың армандары орындалып, тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген күн. Биыл тәуелсіз ел болғанымызға 29 жыл толды. 1991 жылғы 16 желтоқсанда президент Нұрсұлтан Назарбаев Конституциялық Заңға қол қойды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мемлекеттің егемендігін, бірлігін, конституциясын, Қазақстан азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің тұңғыш негізін қалаушы, Қазақстан елінің дамып, жетілуіне үлкен үлес қосқан дара тұлға екендігі баршамызға аян. Осы сәттен бастап 1 желтоқсан елімізде жыл сайын аталып өтетін Қазақстандағы мемлекеттік мейрамға айналды. 16-желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Бұл мемлекеттік деңгейде аталып өтілетін мерекенің мәні мен маңызы да ерекше, тарихы да тереңде жатыр.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Қазақстан Тәуелсіздігінің құндылықтарын насихаттау бойынша сонымен қатар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Абай атындағы орта мектеп-гимназиясында онлайн түрінде көптеген іс-шаралар өткізілді. Атап айтар болсақ, 5-11 сынып оқушылары «Тәуелсіздіктің 7 қыры» циклінің «Парасатты шешім» деректі фильмі негізінде «Бір ел, бір тағдыр», «Елбасы жолы – дара жол» тақырыбында эссе жазды. Эсседе Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қазақ еліне сіңірген еңбегі орасан зор екендігі жайлы жазған. Сондай-ақ, еліміз тәуелсіздік алған жылдары «тоқыраудан» өзінің асқан саналылығы мен сауаттылығының арқасында елді осы қиыншылықтан аман алып шыққандығы жайлы, көрегенділігінің арқасында Елбасымыз қазақ көшін жөндегенін айтып өткен. Оқушылар қазақ елінің тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктері мен мақтаныштары жайлы жазды. Мұның барлығы Елбасының көреген саясатының нәтижесі екенін ұққан оқушылар, мұндай іс-шаралардың жастарды Отанын, халқын сүйіп, елжандылыққа тәрбиелеуге қосар үлесі зор екендігін айтып өтті. Ал 1-4 сынып оқушылары арасында аталған деректі фильм негізінде Елбасы күніне арналған «Менің Қазақстаным!», «Менің Тұңғыш Президентім» тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Сонымен қатар «Елбасы – елдің тұтқасы » тақырыбында ұстаздар сынып сағатын өткізді. Онлайн сабақ барысында «Тәуелсіздіктің 7 қыры» циклінің «Сын сағат»деректі фильмін көрсетіп, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет алдындағы дүр жетістіктері жайлы оқушылармен бөлісті. Сонымен қатар «Ғасырдың керемет азаматы» атты кітап көрмесі өткізілді. Мектеп-гимназия кітапханашылары Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың жеке кітаптарынан онлайн көрме жасап, көрмеге Елбасының егемен елімізді құру, қалыптастыру мен дамыту жолындағы тарихи ролін айшықтайтын, бейбітшілік пен келісімді, қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі айтулы идеялары туралы кітаптары қойылды. Сондай-ақ «Жаңғыру жолы» деректі фильмі негізінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің музейіне виртуалды саяхат ұйымдастырылды. ZOOM платформасы арқылы 5 сынып оқушыларын «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер қатарына қабылдады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай онлайн форматта «Егіз-лебіз» патриоттық ән байқауы өткізілді. Сонымен қатар 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» тақырыбында сынып сағаттары, «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз» жанұялық сұхбат, «Тәуелсіздік таң нұры!» тақырыбында салтанатты мерекелік онлайн іс-шара ұйымдастырылды.
Халқы үшін жан аямай терледі,
Таусылмайды елімізге бергені.
Бейбітшілік, ынтымақ пен ырыс-бақ,
Бәрі-бәрі Елбасының еңбегі.
Болашақтың ұлы күші-біздерміз,
Алға қарай асығамыз күнде біз.
Жеңеміз біз қиындықтың барлығын,
Біз әрқашан Өзіңізбен біргеміз!!!-деп мектеп-гимназияның жас ақындары беделі биік Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы қалам тербеп, өлеңдерін арнады.
Елімізде жүргізілген игілікті істердің қорытындысы мен бағындырған белестеріміздің басында тұрған Тұңғыш Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бейнесі екені анық. Сондықтан Елбасымыздың есімі тарихта мәңгі қалады.
Абай атындағы орта
мектеп-гимназиясы директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Пазылова Меруерт.