Елорда күнінде отшашу бола ма: Көлгінов жауап берді

Главные вкладки

июн 30, 2021 / 0 комментарии

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ОКҚ өткен онлайн-брифингте жыл басында Астана күнін қалыпты режимде тойлау жоспарда болғанын, алайда санитарлық дәрігерлердің талабынан кейін көптеген іс-шараның өткізілмейтінін хабарлады 

Көлгіновтің сөзінше, өткізілетін іс-шаралардың басым көпшілігі әлеуметтік бағытта болады.

"Қала күні қалалықтар үшін ерекше күн. Адамдар тойлағысы келеді, бірақ эпидемиологилық жағдайға байланысты жоспарымызды өзгерттік. Санитарлық дәрігерлердің талаптарын ескере отырып, жабық ғимараттарда өтетін іс-шаралар онлайн-форматқа ауыстырылады. Көптеген іс-шара өткізілмейді. Ал көшеде әлеуметтік қашықтық пен санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізіледі.

Біз қала күнін әлеуметтік бағытта өткізгіміз келеді. Үй кезегінде тұрған жандарға 400 пәтер, үлескерлерге 20 көпқабатты тұрғын үй мен 50-ден астам аббаттандырылған аулаларды пайдалануға береміз, зағип балаларға арналған балабақша ашамыз", - дейді елорда әкімі. 

Сонымен қатар, Алтай Көлгінов Астана күнінде отшашу болмайтынын да атап өтті. "Адамдарды қуантқымыз-ақ келеді, бірақ көптеген іс-шара қысқартылды. Отшашу жоспарда жоқ", - дейді мегаполис басшысы. Еске сала кетейік, өткен тәулікте 2016 қазақстандықан коронавирус анықталған болатын. COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың 678-і Нұр-Сұлтан қаласынан. Одан бөлек, елорда коронавирустың таралуы бойынша әлі "қызыл" аймақта тұр.