Еріктілер марапатталды

Главные вкладки

Май 08, 2020 / 0 комментарии

7 Мамыр - Отан қорғаушылар күні қарсаңында Бірінші Май ауылдық округінің әкімі Елдос Мұқатаев бірқатар ер азаматтарды марапаттады. Нақтырақ айтар болсақ, төтенше жағдай кезінде округтің елді мекендерінде халықтың денсаулығы мен тыныштығы үшін қызмет еткен еріктілер Бурылша Ернар, Есентемиров Саят, Тұрсынбек Дархан, Шаймов Медеуге алғыс білдірді.

Сондай-ақ, блок-бекетте жұмыстарын атқарып жатқан қызметкерлер де назардан тыс қалған жоқ. Оларға да ерекше құрмет көрсетілді.