Ескендір Хасанғалиев пен жары жансақтау бөлімінде жатыр

Главные вкладки

апр 22, 2021 / 0 комментарии

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, танымал әнші әрі сазгер Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы Дарико Хасанғалиева коронавирус жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатыр деп хабарлайды 

Бұл ақпаратты өнер иесінің ұлы Біржан Хасанғалиев Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында растады. "Соңғы уақытта қаншама қоңыраулар соғылып, ата-анамның емделу барысын біліп жатқандар өте көп. Үлкен рақмет сіздерге! 4-5 күн болды реанимацияда жатыр. Дәрігерлердің айтқан: "жағдайы тұрақты, нашарлау жоқ" - деген сөзі көп үміт және сенім береді", - деді әншінің ұлы. 

Айта кетейік, ерлі-зайыпты Хасанғалиевтердің коронавирус жұқтырғаны 10 сәуірде белгілі болған еді. "Барынша сақтансақ та, қанша қорғансақ та, коронавирус деген жаман дерт ата-анамызды да айналып өтпеді. Қасиетті Ораза айының қарсаныңда бар тілеуім, бар арманым, үлкен кісілердің тезірек жазылып, емдері шипа болып, арамызға қайтып келгені. Дәрігерлер де барын салып жатыр. Оларға сенімім мол", - деген болатын сол уақытта Біржан Хасанғалиев. 

Еске сала кетсек, осыған дейін опера және эстрада әншісі Толқын Забирова екінші рет коронавирус жұқтырғанын мәлімдеген еді. "Екінші рет ауырып қалу мүмкін емес деп жүріп... Антидене арқасында жеңілірек өтіп жатыр. Тек жасы 74-тегі анама ауыр болып тұр", - деді ол. Сонымен қатар Толқын Забирова уақытында вакцина алудың дұрыс екенін сөз өтті. "Дер кезінде прививка алған дүрыс екен. Бір-ақ үлкендерге жасатуға бола ма екен? Бәріміз аман болайық. Ауырып жатқандарға Алла күш-қуат беріп, мына індеттен құтылып, мереке күндерде бас қосайық, достар", - деді ол.