Жалақы көтеріледі, коммуналдық төлемдер төмендейді
Главные вкладки
2019 жылы елімізде бірқатар өзгерістер заңдық күшіне енетін болды деп хабарлайды kaskelenkz тілшісі.
1. Ең төменгі жалақы 28 мыңнан 42 мыңға дейін өседі. Еске сала кетсек, Қазақстан президенті 5 қазанда жариялаған жолдауында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап үкіметке ең төменгі жалақыны 1,5 есе өсіруді тапсырған болатын. Сондай-ақ, бюджет саласы жұмыскерлерінің жекелеген санаттарының жалақысы да ұлғайтылады.
2. "Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасы" қабылданады. Бұл полицейлердің әлеуметтік және тұрғын үй мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.
3. Мемлекеттік қызметтің 80 %-ы электронды форматта көрсетіледі. Бұл сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жоюға жол ашады.
4. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін қызметкерлерді ынталандыру үшін учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысы кезең-кезеңмен 20%-ға көбейеді. Барлық емхана мен ауруханада медициналық құжаттар цифрлық нұсқада жүргізілетін болады. Бұл өзгеріс 2020 жылға қарай Қазақстан тұрғындарының электронды денсаулық паспортын жасауға, ұзақ-сонар кезектерді жоюға септігін тигізеді.
5.1 қыркүйектен бастап 90 мың мұғалімнің жалақысы артады. Бұл туралы мемлекет басшысы білім беру жүйесін одан әрі жағырту мәселесі жөнінде өткізген кеңес барысында мәлімдеген болатын.
6. Тіркелмеген sim-карталар істен шығарылады. Сондай-ақ әр абонент ЖСН нөмірімен өз атына жаздыруы қажет. Ал тіркелмеген азаматтарға байланыс қызметі көрсетілмейді.
7. Жалақысы 25 АЕК-тен төмен азаматтар үшін жеке кіріс салығы 10 есе төмендетіледі. Президенттің тапсырмасымен айлығы 63 125 теңгеден төмен азаматтар үшін жеке кіріс салығы азаятынын естеріңізге саламыз.
8. 340 миллиард теңге қарызы бар 90 мың кәсіпкерге салық амнистиясы жүргізіледі. 2018 жылдың 1 қазанындағы ахуал бойынша негізгі қарызын 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін өтеген жағдайда мемлекет бизнесменнің бүкіл өсімақы мен айыппұлын жоюға міндеттелді.
9. Әйелдердің зейнет жасы 59 жасқа дейін ұлғаяды. Ер азаматтар зейнетке 63 жасында шығады. Бірнеше жыл бұрын қабылданған заңға сәйкес әйелдердің зейнет жасы кезең-кезеңімен ұлғаятын болады. Өзгерістер 1960-1964 жылдары туған әйелдерге қатысты екенін атап өткен жөн.
10. Жаңа жылдан бастап зейнетақы көлемі өзгереді. Мемлекеттік базалық зейнетақының ең төменгі көлемі — 16 037 теңге.
11. Ең төменгі зейнетақы көлемі — 36 108 теңге ретінде белгіленді.
12.Жаңа жылдан бастап Қазақстанда энергетика саласы үшін жаңа тарифтік әдіснама енгізіледі, сөйтіп, электр жарығы мен тауарлық газ тарифтері төмендейді.
13. 16 жасқа дейінгі балалардың шетелге шыққанда жеке төлқұжаты болуы міндетті. Әлемдік төлқұжат-визалық бақылау қауымдастығы талаптарының күшейтілуіне байланысты заңға өзгерістер енгізілді.
14. Техникалық төлқұжаттың жаңа үлгісі енгізіледі. Ол кредиттік карта көлемімен бірдей, чипі бар, жүргізуші куәлігі мен жеке куәлікке ұқсайды.
15.Қазақстанда жаңа жылдан бастап автокөлік иелері үшін онлайн сақтандыру енгізіледі. Сақтандыру құжатын өзіңмен алып жүру міндетті емес. Жүргізуші куәлігі мен көлікті тіркеу туралы куәлік (техникалық паспорт) болса жеткілікті.
16. Сақтандыру полисі жоқ жүргізушілерге айыппұл салынбайды. Дәстүрлі сақтандыруды электронды форматқа көшіру де техникалық паспорт сияқты біртіндеп жүргізіледі.
17.Еңбек кітапшалары электронды болады. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтар біртіндеп электронды еңбек кітапшасын қолдана бастайды.
18.Жаңа жылдан бастап темекі қымбаттайды. Ең арзан темекінің 20 данадан тұратын бір қаптамасы 380 теңге болады. Бұл өзгеріс фильтрі бар, фильтрі жоқ темекілер, сондай-ақ папиростарға қатысты.
19. Күнкөріс минимумының шамасы өзгереді. Базалық әлеуметтік төлем көлемдерін есептеу үшін күнкөріс минимумының шамасы — 29 698 теңгеге өседі. Сонымен қатар, жәрдемақы мен әлеуметтік төлемақылар, айыппұлдар, салықтар мен басқа да төлемдерді есептеуге арналған айлық есептік көрсеткіш көлемі жаңа жылдан бастап 2 525 теңге болмақ.