Жалпақсай ауылында 17 жастағы жігіт жолдасының қолынан қаза тапты

Главные вкладки

янв 22, 2019 / 0 комментарии

Қарасай ауданына қарасты Жалпақсай ауылында 17 жастағы жігітті жолдасы пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Kaskelenkz «Алматы» арнасына сілтеме жасап.  

Жанжал кезінде қаза тапқан  Дастан Көрпеш Алматы қаласындағы колледждерінің бірінде оқыған. Анасымен бірге тұратын студент демалыс күндері өз үйінде жолдастарымен бірге бас қосады. Аяқ асты қонақтардың бірімен арада кикілжің басталыпты. Жанжал салдарынан жолдасы Дастанның жүрегіне пышақ сұғады. 17 жастағы жігіт алған жарақатынан жедел жәрдем келгенше көз жұмған.Өлтірілген жігіттің отбасы жақында ғана баспана сатып алған, деп хабарлады көршілері. Кейбірі сенбі күні кешкісін бірнеше жігіттің Дастанның үйіне кіргенін көріпті.

Алматы облыстық Полиция Департаментінің өкілдері берген мәліметке сүйенсек, қазіргі уақытта аталған оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабы, 1 тармағы негізінде сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кеткен. Полиция қызметкерлері күдікті ретінде 18 жастағы Қарасай ауданының тұрғынын қамаған.