Жапонияда әуе базасына кіріп кеткен аю сарбазға шабуыл жасады

Главные вкладки

июн 18, 2021 / 0 комментарии

Жапония әуе қорғаныс күштерінің Окадама авиабазасының аумағына аю кіріп кетіп, бір адам жарақат алды деп хабарлайды zakon.kz. 

Шабуыл салдарынан әскери қызметкер жарақат алғаны хабарланды. Сонымен қатар, сол аю әскери нысанмен шекаралас жергілікті әуежай аумағына да енген.

Оның ұшу-қону жолағының жанында болғандығы, содан кейін қоршаудан өтіп кеткені атап өтілді. Ықтимал зақымданудың бар-жоғын тексеру үшін әуе айлағының әкімшілігі барлық рейстерді тоқтатты.

Окадама базасы Жапонияның солтүстігіндегі Саппоро қаласында орналасқан. Бұған дейін дәл осы қалада аю шабуылынан 80 жастағы ер адам мен 70 жастағы әйел жарақат алған.

2020 жылдың 1 сәуірі мен 2021 жылдың 31 наурызы аралығында Жапония билігі аюлардың ел тұрғындарына жасаған шабуылының 158 оқиғасын тіркеді. Сарапшылар жабайы жануарлар қарағай мен жабайы каштанның нашар өніміне байланысты тұрғын үйлерге жақындай бастады деп санайды. 

Еске салсақ, 31 мамыр күні TikTok-та жас қыздың алып аюмен арпалысқан сәтінің видеосы пайда болды. Бейнежазбаны басты кейіпкердің әпкесі жариялаған. Желіде тараған видеодан жанында екі қонжығы бар аюдың қоршауға мініп алғанын көруге болады. Сол сәтте аулада жүрген иттер күтпеген "қонаққа" үре бастайды. Алайда иттеріне 17 жастағы Хэйли көмекке келіп, жыртқышты қоршаудан итеріп жібереді. Содан кейін бойжеткен аулада қалған итін қолына алып, үйге қарай қаша жөнеледі. Осыдан соң аю қонжықтарымен бірге кетіп қалған.