Жастарға жұмыс ұсынады
Главные вкладки
24 қазанда, сағат 12.00-де Қаскелең қаласында орналасқан «Зәмза» сауда орталығының алдында «Бос жұмыс орындар» жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Kaskelenkz. Бұл туралы ақпарат Қарасай ауданы әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. Мәлімденгендей, осы игі іс-шара мемлекеттік бағдарламаларды облыс жастарының арасында түсіндіру мен олардың саясатын іске асыру жөніндегі ақпараттық-насихат тобының жұмыс жоспарына сай қолға алынған. Аталған жәрмеңкені жұмыссыз жүрген аудан жастары үшін жаңа мүмкіндік деп санайды ұйымдастырушылар.