Жас күйшілер байқауы

Главные вкладки

ноя 14, 2018 / 0 комментарии

Бүгін Шамалған ауылындағы «Атамекен» музейінде қарасайлық жастар арасында «Күй құдіреті» атты домбырашылар жарысы өтті. Тарихи-мәдени орталық қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, қазақ халқының ұлы күйшісі Құрманғазының 200 жылдығына орай болған жарысқа әр округтерден 15 -17 жас аралығандағы оқушылар қатысты. Жеңімпаздар аудандық «Атамекен» музейінің арнайы дипломдарымен марапатталып, бағалы сыйылықтарды иеленді.  

Сайыстың Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, аудандық мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің қолдауымен өткізілгенін де айта кеткен жөн.