Жаңа Зеландияда екі айда тек бір адам коронавирус жұқтырды
Главные вкладки
Жаңа Зеландияда екі айда бір адам ғана коронавирус жұқтырған. 56 жастағы әйел жақында Еуропаға барып келген деп хабарлайды Kaskelenkz.
Содан кейін 2 рет тест алынып, коронавирус анықталған соң оқшаулау орталығына жатқызылды. Жаңа Зеландияда дерт соңғы рет 21 қарашада тіркелген еді.
"Науқастың коронавирустың қандай штамына шалдыққаны әзірге белгісіз. Онымен араласқан басқа адамдардан да тест алынып, барлығы карантинге жабылды. Бүкіл ел бойынша дабыл қағуға әлі ертерек. Бірақ халыққа тиісті ақпаратты жедел жеткізіп отырамыз. Тұрғындарға айтар өтінішім, денсаулығыңыздан кінәрат шығып, өзіңізді жайсыз сезіне бастасаңыз, тез арада тест тапсырып, нәтижесі белгілі болғанша үйде отырыңыз", -деді Жаңа Зеландияның COVID-19-ға жауапты министрі Крис Хипкинс.
Айта кетейік, елімізде өткен тәулікте 1584 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Ауру жұқтырғандардың басым бөлігі Ақмола облысында тіркелген.
Осылайша, Қазақстан COVID-19 таралу қарқыны бойынша "қызыл аймаққа" кірді.