Жаңа туылған нәрестені тоңазытқышқа салып өлтірмекші болды

Главные вкладки

янв 24, 2021 / 0 комментарии

Атырауда шақалақты тоңазытқышқа тығып өлтірген дәрігерлерге әріптестері араша түсті. Перинаталдық орталықтың қызметкерлері бұрынғы басшылары мен әріптестеріне тым ауыр жаза кесілді деп отыр. Сондықтан президентке хат жазбақшы дейді Kaskelenkz тілшісі.

18 жылға сотталған Қуаныш Нысанбаевтың қорғаушысы да бұрынғы бас дәрігер «жазықсыз жазаланды» дейді. Айтуынша, тергеу кезінде ол бірде-бір мәрте сұралмаған. Оның үстіне бейтарап болуы тиіс сот тек әлеуметтік желі мен ақпарат құралдарының жетегінде кетті дейді. Мәселен, жаңа туған шарананы ата-анасы 30-қыркүйек күні жерлеген. Ал сотта сараптамадан қазанның 14-і күні әкелінгені белгілі болыпты. Демек қайғыдан қан жұтқан әке-шешеге басқа шақалақтың денесі берілді дейді қорғаушы. Сондықтан сотқа сенімсіздік білдірген Аслан Жолболов апелляциялық алқаға жүгініп, әлі талай былықтың бетін ашамыз деп отыр.