Жедел жәрдем ауыр жағдайдағы науқасты тастап кеткен

Главные вкладки

дек 27, 2018 / 0 комментарии

Қаскелең қаласының бір тұрғыны аудандық жедел жәрдем қызметінің салғырттығына шағым білдірді. Бұл туралы kaskelenkz тілшісі хабарлады.

Тұрғынның айтуынша, ер адам кенеттен өзін жайсыз сезінген. Егде жастағы анасы жедел жәрдем қызметіне жүгінген. Жедел жәрдем бірнеше сағат кешігіп келіп, науқасқа ауруды бәсеңдететін екпе жасап, жағдайының нашарлағанына қарамастан кетіп қалған.

Шағымданушының сөзіне сүйенсек, өздері көлік тауып аурухана келгенде жедел хирургия бөліміне жөнелтіліп, ота жасалған. Бұл ретте аудандық орталық аурухананың  хирург дәрігері А.Агалиевке алғысын білдіріп, ақ желеңділер ені бірнеше сағат кешіккенде науқастың өміріне қауіп төнетінін айтқандығын алға тартқан. Осындай келеңсіздікті түзетуді сұрған тұрғынның сауалына аурухана әкімшілігі жауап қатып, жағдайдың мән жайын анықтап, қателік жасаған кезекші дәрігерлер жазалатынын жеткізген. Сөйтіп, бұл жолы да 20 мыңға жуық тұрақты оқырманы бар @kaskelenkz инста-парақшасы халық пен жергілікті атқарушы орган арасында байланыс орнатты.