Жезқазғанда ер адам мектепте оқитын қызға пышақпен шабуыл жасаған
Главные вкладки
Қарағанды облысының полицейлері мектеп оқитын қызға пышақпен шабуыл жасаған ер адамды ізін суытпай қолға түсірді деп хабарлайды polisia.kz.
3 маусым күні кешке Жезқазған полиция басқармасына ауруханаға 14 жастағы қыз пышақ жарақатымен түскені туралы хабарлама жеткен. Абырой болғанда, мектеп оқушысының өміріне қауіп төнген жоқ, ол ауруханаға жатқызылмады.
Зардап шегуші өз үйінің маңында жас жігіт шабуыл жасағанын жеткізді. Бейтаныс ер адам мектеп оқушысының жанына келіп, күтпеген жерден пышақпен ұрған, артынша көзден таса болған екен. Учаскелік инспекторлар күдіктінің ізін суытпай қолға түсірді. Ол қаланың 20 жастағы тұрғыны болып шықты. Жас жігіт өз кінәсін мойындап, қыздармен ара-қатынасы дұрыс болмаған соң бәрінен кек алғысы келгенін айтты.
Осылайша, ол пышақ алып, кешке көшеге аттанған. Көзіне бірінші көрінген қызға жақындап, шабуыл жасаған. Азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің 293- бабы "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Күдікіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалуда.