Жетісу көшесі тұрғындарының жанайқайы

Главные вкладки

окт 05, 2019 / 0 комментарии

Бір шақырымға да толмайтын шағын ғана көшемізде шешімін күтетін мәселе көп деп, редакциямызға шағымданды қаскелеңдіктер.
Бұл жолы "Южный" ықшам ауданына қарасты Жетісу көшесіне ат басын бұрдық. Мұнда тұрғындар 2000 жылдың басынан бастап қоныстана бастаған. Қатар-қатар 30-ға жуық отбасы орналасқан.

Тұрғындардың басым көпшілігі - егде жастағы адамдар. Талап-тілектері ортақ. Ойлы-шұңқыр жолымызды жөндеп, бейберекет салбырап тұрған электр тоқтарын түзесе дейді.


Тұрғындардың айтуынша, көшенің трансформаторы аудандық электр торабының балансында жоқ. Сондықтан болар, тозығы жеткен бағаналарды ауыстырсақ та заманға сай жаңасына емес, ескіге ауыстырамыз деген. Ал, жерге дейін салбырап, апатты жағдайда тұрған сымдарды ретке келтіруге ешбір маман бір де бір келмеген.


Әкімдікке де аудандық электр торабына да сан бардық, ғаламтор арқылы аудан әкіміне де хат жаздық деген жетісулықтардың барлық құжаттары қолдарында. Бір қызығы, жауап қайтарған "Алатау жарық компаниясы" Қарасай электр тарату ауданы мекемесі  тұрғындардың өзіне алақан жайғандай. Себебі, жауап-хат "Жоғарыда айтылған желілердің Қарасай ЭТА иелігінде болмағандықтан, күрделі қайта жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат бөлінбейді, сол себепті Сіздерден бұл желілерді жаңартуға көмек сұраймыз" деп түйінделген.
Жаз бойы шаң жұтамыз, көктем-күзде балшық кешеміз деген жетісулықтар көшелерін өз күштерімен де жөндеп көрмек болған. Жол жөндеумен айналысатын жеке мекемелерді шақырып, есптетіп көрсе, 750 метр жерге асфаль төсеуге 4 млн теңгеден астам қаражат кетеді деп ашығын айтқан. Ал, тұрғындар мұндай ақшаны өз қалтамыздан шығаратын шамамыз жоқ деп отыр.