Жеңілдікпен үй алмақ болған семейлік алаяқтың арбауына түсіп қалды
Главные вкладки
Жеңілдікпен үй алмақ болған семейлік алаяқтың арбауына түсіп қалды деп хабарлайды Polisia.kz.
31 жастағы семейлік әйелдің баяндауынша, 2019 жылдың қазан айында Семей қаласындағы азық-түлік дүкендерінің бірінің жанында алдау және сенімге кіру жолымен жылжымайтын мүлікті жеңілдетілген бағаға сатып алу сылтауымен бейтаныс әйел оның 500 мың теңге сомасындағы ақша қаражатын иемденіп кеткен.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері Семей қаласының 44 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Аталған факті бойынша Қылмстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.