Жүк көлігі жер астына түсіп кетті

Главные вкладки

мар 01, 2021 / 0 комментарии

Алматыда жер астына түсіп кеткен КамАЗ маркалы жүк көлігі Медеу ауданындағы жылу желілері өтетін жолды зақымдап, салдарынан жүздеген үй жылусыз қалды деп хабарлайды Kaskelen.kz.

"Алматы жылу желілері" ЖШС-ның мәліметінше, келеңсіз жайт бүгін сағат 13:00 шамасында болған.Құм-қиыршықтас қоспасы тиелген жалпы салмағы 27 тонна КамАЗ пәтерлердің жылу камерасы орналасқан аумаққа кірген.Жол жабындысы ауыр жүк көлігіне шыдас бермей, салдарынан автокөлік жер астына түсіп кеткен. Анықталғандай, төсеме мұндай ауыр салмаққа есептелмеген.

"Жүк көлігінің диаметрі 500 мм болатын құбырды зақымдауы 336 пәтерлі көпқабатты жеке үйдің, 86 жер үйдің, 9 денсаулық сақтау нысанының, 10 балабақшаның және 6 білім беру нысанының уақытша жылусыз қалуына әкеп соқты", - дейді компанияның баспасөз қызметі.Мекеме өкілдері жылусыз қалған үйлерге (Қазыбаев-Назарбаев-Достық-Тайманов көшелерінің аумағы) сағат 23:00-ге дейін жылу берілетінін хабарлады.Қазіргі таңда, апат орнында қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.