Инвестициялар өсімі бойынша Шымкент республика бойынша 2-ші орында
Главные вкладки
Еліміздің үшінші мегаполисіне тартылған инвестиция көлемі бір жылда екі есе өсті. Бұл туралы Орталық комуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлім етті.
«Үстіміздегі жылдың 10 айында қала экономикасына 223,4 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 54,3 пайызға артық. Инвестиция өсімі бойынша Шымкент республикада 2-ші қатарда. Президенттің инвесторлардың пулын жасақтау бойынша 2020-2025 жылдар аралығында құны 1,4 трлн теңгені құрайтын 157 инвестициялық жобалардың базасы әзірленді. Оның ішінде биылғы жылы шетел инвесторларының қатысуымен 13,1 млрд теңгеге 5 жоба іске асырылуда. 350 жаңа жұмыс орны ашылды», - деді М.Әйтенов.