Индустрияландыру картасы аясында 4300 жаңа жұмыс орны ашылды

Главные вкладки

сен 15, 2020 / 0 комментарии

2020 жылдың 8 айында жалпы сомасы 204 млрд. теңгені құрайтын 28 жоба пайдалануға беріліп, 4300 жаңа жұмыс орны ашылды. Үшінші тоқсанда жалпы сомасы 97 млрд. теңгені құрайтын 14 жоба іске қосылады деп жоспарланып отыр.  Жобалардың негізгі бөлігі (164 жоба) биыл төртінші тоқсанында іске қосылады. Жалпы жобалар кесте бойынша жүзеге асырылуда.

Іске қосылатын жобалардың инвестиция көлемі бойынша Қарағанды, Ақтөбе және Алматы облыстары алдыңғы қатарда.

Биыл Қарағанды облысында «Linde Gas» ЖШС техникалық газ өндіру бойынша Орталық Азиядағы ең ірі жобасы іске қосылды. Бұдан басқа, 80 пайыз өнімі экспортқа бағытталған ферроқорытпа зауытының 3 пешін іске қосу, сондай-ақ құю өндірісін жаңғырту және байыту фабрикасын салу жоспарланып отыр. Саран моно қаласында автобустың және арнайы  техниканың жаңа түрлерін шығару жобасын іске қосу жоспарлануда. Биыл 30 шілдеде Саран қаласында «Аллюр» компаниялар тобы» мен «Татнефть» компаниясы арасында шина шығаратын зауыт салу туралы келісімге қол қойылды.

Осы жобаны іске асыру отандық нарықтың қазіргі заманғы шина өніміне қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ автомобиль өндірісін оқшаулауды ұлғайтады. Жаңа өндірістерді іске қосу қала дамуына жаңа серпін береді. Нәтижесінде тарихи тау-кен металлургиялы Қарағанды облысы инженерлік-техникалық әлеуетімен бүгінгі таңда еліміздің өңдеу өнеркәсібінің көшбасшысы болып отыр.