Кедейлер жіберетін 10 қателік

Главные вкладки

янв 02, 2020 / 0 комментарии

 Сәлем достар! Бүгін біз сіздерге кедей адамдардың кедей болып қала беруіне себепкер 10 нәрсе жайлы айтамыз. Осылардың қатарынан сіз нені жасап нені жасамай жүрсіз? Бұл зиянды әдеттер сіздің өміріңізге қалай әсер етіп жүр? Ойланып көріңіз! Бәлкім сол әдеттен арылсаңыз, Сіз өзіңіздің өмірлік мақсаттарыңыз бен армандарыңызға оңайырақ қол жеткізерсіз?

1.     1. Кедей адамдар теледидарды өте көп көреді. Егер Сіздің көк жәшіктен сүйікті сериалдарыңыз бен бағдарламаларыңызды қарап отыратын уақытыңыз болса, онда сіз кедей болуыңыз мүмкін. Бұл әдет сіздің ойыңызды бөледі және алға қарай жылжуыңызға кедергі жасайды. Егер сіз жаңалықтарды көру арқылы танымал жұлдыздардың қайсысы үйленгелі жатқанын біліп, мелодраманың кезекті сериясын күтіп отырсаңыз немесе үнемі қосулы тұратын спорт каналыңыз болса, онда сіз теледидарды өте көп көресіз. Өзгенің өмірі жайлы өсек сізді жетістікке жетелемейді. Бірақ, олар танымал адамдарға пайдасын тигізеді. Себебі, бай адамдар теледидарды көруге емес, оның ішінде болуға тырысады. Бәлкім, теледидар маған соңғы жаңалықтарды білуге керек дерсіз. Одан да қазіргі интернеттің мүмкіндіктерін пайдаланыңыз. Қажетті ақпаратты уақыт кетірмей жылдам қарап, әрі қарай өзіңізге пайда әкелер жұмысқа кірісіңіз. 

2.     2. Кедей адамдар фаст-фудтпен тамақтанады. Денсаулық – зор байлық. Көп адамдар күнделікті не жеп жатқанына мән бермейді, дұрыс тамақтанудың не екенін де білмейді. Кедей адамдар құнарлығы аз, қанты мен майы көп тамақтарды көп пайдаланады. Осылай олар өз ағзаларын құртып, жақсы өмірге талпыну үшін қажетті 100 пайыз күш жұмсай алмайды. Егер адамның дені сау болмаса, ол өмірінің барлық саласына кері әсерін тигізеді. Физикалық жағынан қиналады, көңіл-күйі болмайды, кәсібилігі төмендейді, романтиканы ойламайды да. 

3.     3. Кедей адамдар өздерінің әрбір жеңілісіне және сәтсіздігіне айналадағыларды кінәлайды. Бұл үлкен қате! Сіздің өміріңіз 99 пайыз тек өзіңізге байланысты өрбиді. Есіңізде болсын. Өзіңіздің қарым-қатынастарыңызды, мүмкіндіктеріңізді, бақытты ғұмырыңызды өзіңіз ғана басқарасыз. Өзгерісті қалайсыз ба? Ендеше, соған бастайтын алғашқы қадамды өзіңіз жасаңыз. Өмір – қандай да бір жағдайлардың тізбегі емес, сол жағдайларға сіздің нақты әрекетіңіз! Сәтсіздің орын алғанда, кедейлер «зардап шегушінің» рөлін таңдайды. Ал, байлар мәселенің мәнісіне үңіліп, тығырықтан шығуды ойлайды. Болашақта сол кемшілікке жол бермеу үшін, нақты себептерді іздейді. Кедейлер қиналып, өзін-өзі аяп отырғанда, байлар, бұл сәтсіздікті алдағы жеңісінің құралы етіп, өзін-өзі дамытуға, ізденуге көшеді. 

4.     4. Кедей адамдардың жинаған артық ақша қоры жоқ. Кедей мен бай арасындағы ең үлкен айырмашылық та сол. Кедейлер бүгінімен ғана өмір сүріп, ертеңі не болатынына бас қатырмайды. Қандай да бір тосын жағдайлар орын алып, дағдарыс болса, сақтаулы тұрған артық қаражат сіздің проблемаңызды шешуге көмектесер еді. Бәлкім , сіз депозитте ақшаңыз жоқ болса да, өзіңізде бар бағалы мүлкіңізді сатып немесе қосымша жұмыс іздеп мәселені шештік делік. Дегенмен, өмір жалғасады. Дағдарыс орын алғанда, байлар жиған ақшасын жұмсады, бірақ, әрі қарай, ештеңесін жоғалтпай іске кірісіп кетті. Ал, кедейлерде енді бағалы да ештеңе қалған жоқ. Яғни,  байлар, жиған қаражатын мүмкіндік туған жағдайда пайдалы іске жұмсай алады. Ал, кедейлер ақша жимағандықтан ол мүмкіндікті қолдан жіберіп алады. 

5.     5. Кедей адамдар түкке тұрғысыз, өзіне пайда әкелмейтін дүниелерге бола кредит немесе қарыз алады. Байлар да кредит немесе қарыз алады. Тек, олар оны мүлдем басқа мақсатта жұмсайды. Егер сіз өз құнынан артық пайда әкеле алмайтын қандай да бір затты алу үшін несиеге байлануды жоспарлап  отырсаңыз, ойланыңыз. Одан да кредит пен қарызды пайдалы жобаларға инвестиция ретінде тартуды әдетке айналдыруға дағдыланыңыз. 

6.     6. Кедей адамдар көп балалы болуға әуес. Алайда сол баланы қатарынан қалдырмай өсіріп-жеткізіп, білім беру үшін де жеткілікті қаражат қажеттігін естен шығарады. Дамыған елдерде бір баланың жағдайын жасау үшін кем дегенде 250 мың доллар керек деп есептелінеді. Тиісті білімі мен алға қойған мақсаттары, жақсы өмірге құлшынысы жоқ кедейлер балаларының болашағын жарқын етуді басты орынға қоймайды. Ал, байлар алдымен барлық жағдайын жасап алып барып баланы өмірге әкелуді, одан білімді, саналы, жан-жақты ойлайтын азамат тәрбиелеп өсіруді бағамдайды. 

7.     7. Кедей адамдардың әлі тауып үлгермеген қаражатын жұмсап тастайтын жаман әдеті бар. Бұл өмірдегі үлкен қауіптіліктердің бірі. Егер сіз жоқтан өзгеге қарыз ала берсеңіз тоқтаңыз. Себебі, бұл төменге құлдыраудың басы екенін жақсы түсініп алыңыз. 

8.     8. Кедей адам айналасына өзі сияқты кедей адамдарды жинайды. Жалпы, өмірде Сіз – айналаңызда қоршап тұрған бес адамның орта есеппен алғандағы бейнесісіз деген тұжырым бар. Сізге өзіңізге шабыт сыйлап, алға жетелейтін, мотивация беретін орта керек. Ал егер сіздің араласатын адамдарыңыз тіпті жас күннен өзгермеген болс а, тіптен сақ болыңыз. Қалыпты жағдайдан сыртқа шығып, даму даңғылына бет алудан қорықпаңыз. 

9.     9. Кедей адамдар ешқашан өзінің тың идеяларын жүзеге асырып, мүмкіндіктерін шыңдамайды. Ата-анаңыздың кім екені, олардың қайда туып-өскеніңіз, қоғам сізге қалай қарайтыны сізге байланысты емес. Сіздің міндетіңіз – алдыңызға мақсат қойып, соған қарай жан-жақты дамып, ұмтылу. Барлық адамға тәулігіне 24 сағат қана беріледі. Дегенмен, байлар сол уақытты кедейлерге қарағанда тиімдірек өткізеді. Ендеше сіз де бос сағаттарыңызды оқуға, жаңа нәрсені үйренуге арнасаңыз, ертелі-кеш табыс сізге келетіні анық. Яғни, идеяларыңыз болса, соны дамытып, жүзеге асыру жолында аянбай ізденіңіз. 

10.  10. Кедей адамдардың ең үлкен қателігі – басқалар оларға жетістікке жету үшін көмектесу керек деп ойлайды.  Негізінде: ешкім ешкімге қарыздар емес. Сіз бұл өмірде қандай жолға түсетініңізді өзіңіз таңдайсыз. Сол жолда өзіңіз жүресіз және өміріңізде болып жатқан жағдайларға тек өзіңіз ғана жауаптысыз. Тек мықтылар ғана  жеңіс дейтін марапаттың рахатын сезінеді. Тек барлық жағдайға икемделіп, тығырықтан шығудың жолын шаршамай іздейтін, үнемі оқып, санасын, ой-қиялын дамытатындар ғана. Ендеше сіз де солай жасаңыз!

Құрметті көрермен! Бұл мәлімет сізге өміріңізді жаңа арнаға бұрып, алға қойған мақсаттарыңыз бен жүрек түбіндегі армандарыңызға жетуге көмектеседі деген сенімдеміз!

INSTARDING