Кемертоған ауылының тұрғыны коронавирусқа шалдықты

Главные вкладки

мар 30, 2020 / 0 комментарии

 Қарасай ауданында тағы бір вирус жұқтырған адам анықталды, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.

Алматы облысында коронавирус диагнозымен тағы 2 адам тіркелді. Олар Қарасай және Еңбекшіқазақ ауданында анықталды. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бірінші жағдайда Қарасай ауданы Кемертоған ауылында тұратын 41 жастағы әйелдің вирус жұқтырғаны анықталып, Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасына жатқызылды. Оған қоса онымен қарым-қатынаста болған 6 адам, соның ішінде азаматшаның күйеуі мен 2020 жылы туған сәбиі карантинге алынды. 

Екінші жағдайда ағайын-туыстар Өзбекстанға үйлену тойына өз шағын автобустарымен барған. 14 адамның   Өзбекстаннан келгені туралы мәліметтерді Түркістан облысындағы санитарлық-эпидемиологиялық мамандар хабарлап, облысқа келген бетте олар провизорлық стационарға жатқызған. Соның ішінде 1960 жылы туған азаматшадан вирус анықталып, қазір ол Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасына жатқызылды, ал қарым-қатынаста болған өзгелері карантинде.

Жалпы, 29 наурыздағы жағдай бойынша Алматы облысында індетке шалдыққандар саны – 6.