Коронавирус: Қазақстанның қанша өңірі "қызыл" аймақта

Главные вкладки

Май 30, 2021 / 0 комментарии

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті деп хабарлайды Кaskelen.kz.

30 мамырдағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қарағанды облыстары "қызыл" аймақта тұр.

"Сары" аймақта Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.

Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары "жасыл" аймақта.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1549 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 385 144-ке жетіп отыр.

Сонымен қатар бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде коронавирусты жұқтыру көрсеткіші 20 пайызға төмендегенін мәлімдеп, Қазақстан коронавирус дертінің таралуы және дерттен көз жұмғандардың саны бойынша әлемдік рейтинге нешінші орында тұрғанын айтып бергенін жазған едік.