Кітапханаға көмектесуге шақырды

Главные вкладки

янв 10, 2019 / 0 комментарии

Қаскелең қаласының тұрғыны осындағы балалар кітапханасына шағым айтты деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.

Әлия Нұржігітова есімді тұрғын портал редакциясына Қарасай ауданының орталығында балалардың ақыл ойын дамытуға жеткілікті көңіл бөлінсе деген тілегін білдірген.

Желі қолданушының мәлімдеуінше, ол бірақ уақыт бұрын Қаскелеңге көшіп келе салысымен кітапханаға тіркелуді мақсат еткен. Оқушылардың қысқы демалысында балалары оқу үшін кітап алғысы келгенде кітап қорының бай емес екендігін біліп қапаланған. «Балалар кітапханасында 1979-1981 жылғы көркем әдебиеттер жиналған. Қызметкерлердің айтуынша, кітап сатып алуға жеткілікті қаржы бөлінбейді екен» деген хат иесі.

Сол себепті белсенді тұрғын өзге де қаскелеңдіктерді үйде бар балалар оулығын кітапханаға өткізіп, кітап қорын толықтыруға шақырып отыр.