Күдікке ілінген Бақытгүл Хаменова не себептен әлі күнге дейін өз посттында отыр?

Главные вкладки

Feb 11, 2022 / 0 комментарии

Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінген Бақытгүл Хаменова Атырау облысы әкімінің орынбасары болып «жұмысын» жалғастыруда деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы. 

 

Атырау облысының әкімдігі Хаменованың әлі күнге дейін облыс басшысының орынбасары болып есепте тұрғанын хабарлады. Әзірге оны жұмыстан шығарған ешкім жоқ.

 

«Ол өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазуы керек, әйтпесе соттың кінәлі үкімі болуы керек», - деді Атырау облысының әкімдігі.