Күдікті мас болған: Қарасай ауданының тұрғыны көшеде ер адамды өлтіріп кетті

Главные вкладки

июн 29, 2021 / 0 комментарии

Алматыда көшеде ер адамды өлтіріп кетті. Күдікті тез арада ұсталған деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Басылымның жазуынша, оқиға Алматының Түрксіб ауданында 28 маусым күні болған.

Алматы қаласының полиция департаменті "Буран-291" патрульдік экипажы күдіктіні "ізін суытпай" ұстағанын хабарлады.

"Ұсталған күдіктінің айтуынша, ол тек пышақпен қорғанған, ал қарудың қарсыласының денесіне қалай тигенін білмейді. Сонымен қатар, оның мас болғаны анықталды", - деп хабарлады полициядан.

Күдікті Алматы облысы, Қарасай ауданының 45 жастағы тұрғыны. Күдікті мен куәгерлер полиция бөліміне жеткізілген. Арнайы топ оқиға болған жерді қарау кезінде қылмыс қаруын тауып, сараптамаға жіберді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтауда әйелін қызғанған ер адам кісі өлтіргенін жазған едік. Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі, 188-бабының 1-бөлігі бойынша сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды.