Кәсіпкерге 70 млн теңге қайтарылды

Главные вкладки

ноя 14, 2020 / 0 комментарии

Бизнес-омбудсменнің көмегімен кәсіпкердің құқығы қорғалды және ақшалай қаражаты қайтарылды.

Ағымдағы жылдың шілде айында Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілге Ақтөбе қаласының ірі құрылыс компаниясы "АлтынТасАқтөбе Құрылыс-НС" ЖШС жүгінді.

ЖШС Ақтөбе қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының әрекетіне қатысты шағым жасады, аталмыш мекеме 2018 жылы кәсіпкердің шотынан ақша өндіріп алған.

Осы мәселе бойынша қаражатты қайтару туралы сот актісі шығарылды, дегенмен мемлекеттік органдар сот актісін орындамады.

ЖШС-нің заңды құқықтарын қорғай отырып, Бизнес-омбудсмен кеңсесі кәсіпкердің қаржысын қайтару мақсатында Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен Мемлекеттік кірістер комитетіне дәлелденген сауалдар жолдады.

Мемлекеттік органдардың жауаптарына сәйкес ЖШС-тен ақша қаражаты алынған инкассалық өкімдердің күші жойылған, алайда қазіргі уақытта бюджеттен қаражатты қайтару туралы заңнамалық тетік жоқ.

ЖШС қаражатын қайтару бойынша атқарушылық іс жүргізуді қозғаған мемлекеттік сот орындаушысы инкассалық өкімдердің жойылғанын, сондықтан қаражатты қайтару туралы сот шешімінің орындалмайтынын атап өтті.

Осыған байланысты, Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің өтініші бойынша бұл мәселе барлық мүдделі тараптардың қатысуымен, оның ішінде прокуратура органдарын тарта отырып қаралды. Нәтижесінде құрылыс компаниясына 69 935 174 теңге көлемінде қаражат қайтарылды.

Осылайша, кәсіпкердің құқығы қорғалды.