Көлащы базарындағы контейнерлер алынып жатыр

Главные вкладки

янв 07, 2020 / 0 комментарии

Жаңашамалған ауылдық округіне қарасты Көлащы базарындағы контейнерлер алынып жатыр, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.

Бұл базар небары бірнеше жыл бұрын ғана ашылғанымен, жергілікті тұрғындардың нәпақаларын тауып, тұрмыстарын түзеуге көп әсерін тигізгені анық. Дегенмен, соңғы бірнеше күнде лезде алынып тасталған контейнерлер базар аумағынан асып, жол жиегіне жақын тұрған заңсыз сауда нысандары болып шықты. Осы уақытқа дейін құқыққорғаушылар мен әкімдіктердің назарына ілікпей тұрған дүңгіршектердің аяқ асты жойылуына не себеп? Әрине, оның бірден-бір себебі желтоқсан айының 27-де Талғар ауданының аумағына құлаған ұшақ апаты болуы әбден мүмкін. Себебі, тергеп-тексеру жұмыстары барысында ұшақтың заңсыз берілген жер телімінде салынған үйге соғылғаны анықталды. Бұл оқыс оқиға ел көлемінде үлкен дүрбелең туғызды.

Осылай, ауданымыздағы заңсыз жер мен саудаға «тазалық» базардан басталған сыңайлы. Бұл науқан өзінің игі жалғасын тауып, оң нәтижесін шығарады деген сенімдеміз.