Латын қарпінде диктант жазды

Главные вкладки

ноя 14, 2018 / 0 комментарии

Бүгін республика көлемінде 11.00-11.30 уақыт аралығында «ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТ» өтті. Ол әр өңірде арнайы белгіленген орындарда, emle.kz, tilalemi.kz сайттары арқылы және «Шалқар», «Қазақ» радиоларынан тікелей эфирде тыңдалынып, жазылды. Латын негізді қазақ әліпбиін насихаттап, практика жүзінде меңгеруге дағдыландыру мақсатындағы шараға ауданымызда да синхронды түрде жүзеге асып, қарасайлықтар белсене араласты.

 Оны аудан әкімдігі, мәдениет және тілдер дамыту бөлімі, сондай-ақ, «Алматы облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» мекемесінің аудандық филиалы жүйелі түрде ұйымдастырды. Бір уақытта басталған ашық диктанттың тақырыбы «Рухани жаңғыру» деп аталды. Мұнда латын әліпбиіне қатысты емле ережелері мен ескертулер назарға алынды.

Статистикалық мәліметтер келтіретін болсақ, латын қарпін таңбалау бойынша білімдерін сынауға ауданымыздан барлығы 16 мыңнан астам тұрғын қатысқан. Оның ішінде 15 жастан асқан оқушылар, мемлекеттік және бюджет саласындағы қызметкерлер мен студенттер бар.