Марат Әзілханов Талдықорғанда «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жұмысымен танысты
Главные вкладки
Талдықорған қаласындағы Жастарға қызмет көрсету орталығының ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Алматы облыстық ҚХА жанындағы этномәдени орталықтары мен облыстық «Жаңғыру жолы» Республикалық жастар қозғалысы мүшелері және еріктілердің жұмысымен арнайы танысу мақсатында кедесуі өтті.
Кездесуге Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ. Шойкин, Алматы облысы әкімінің орынбасары А.Дандыбаев, этномәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелері, жастар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.