Маңғыстау облысында жеке компания Каспий теңізіне кәріз суын төккен
Главные вкладки
Жеке компания кәріз суын Каспий теңізіне төкті деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.
«Aktau tourism city ltd» компаниясына қатысты алты әкімшілік іс қозғалды.
Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті «Aktau tourism city ltd» жеке серіктестігінің филиалында Каспий теңізі мен Қаракөл көліне кәріз суларының ағу фактісі бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Тексеру кезінде кәріз суларының ағуы тіркелді. Бұл ҚР Экологиялық кодексінің 222-бабының 8-тармағының талаптарын бұзады.