Мемлекеттік кірістер комитеті ел азаматтарын «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасын пайдалануға шақырды

Главные вкладки

мар 10, 2021 / 0 комментарии

«E-Salyq Azamat»  мобильді қосымшасының мүмкіндіктерін 370 мыңға жуық азамат пайланып үлгерді, деп хабарлады ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде.

Түзету сервисін (жылжымайтын мүлік, автокөлік) – 10 мың адам пайдаланып, оның ішінде 6,4 мың автокөліктің иелері уәкілетті органдағы деректерді дұрыстаған.

Сондай-ақ, артық төлемді басқару сервисінің көмегімен 7 мың азамат смартфон арқылы артық төленген салықтарын басқа салықтарына аударған. Жалпыға бірдей декларациялау аясында активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны 207 мың адам тапсырған.

 «E-Salyq Azamat»  мобильді қосымшасында жеке тұлғалардың салық міндеттемелерін орындауға арналған әртүрлі қызметтер бар, мысалы: 

  • салықтарды банк бөлімшелеріне бармай және комиссиясыз төлеу;
  • салық берешегін тексеру;
  • артық төленген салықтарды есепке жатқызу;
  • мүлікке, жерге және көлікке салықты тексеру және есептеу;
  • салық обьектілерін қарау (жылжымайтын мүлік және көлік);
  • жылжымайтын мүлік және көлік туралы ақпараттарға түзетуді жасау;
  • жұмыс берушіңіздің жалақыңыздан табыс салығы мен әлеуметтік төлемдердің қанша ұстап қалғанын тексеру;
  • жалпыға бірдей декларациялау аясында активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 нысаны) ұсыну;
  • мемлекеттік кірістер органдарының қызмет көрсету орталықтарына баруды онлайн брондау.

«e-Salyq Azamat»  тегін мобильді қосымшасын «App Store» немесе «Play Market»-тен жүктеуге болады. Авторизациялау тәсілдері туралы ақпарат мобильді қосымшада бар.

МКК-нің YouTube арнасында қосымшада жұмыс жасаудың бейненұсқаулықтары орналастырылған. Осындай роликтердің бірін сілтеме бойынша қарауды ұсынамыз: 

Толығырақ ақпаратты ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтынан немесе «1414» нөміріне хабарласып, алуға болады.