Мидың қартаюын бәсеңдететін жеті әдіс анықталды
Главные вкладки
Швецияның Svenska Dagbladet ғылыми ұсыныстар негізінде мидың қартаюын бәсеңдетудің жеті әдісін атады деп жазады Massaget.kz.
1. Ғалымдар бірінші кезекте көбірек жаттығу жасауға шақырады. Дене белсенділігі миға да пайдалы.
2. Мидың өмірін ұзарту үшін күніне 7 сағаттан астам ұйықтау қажет. Аз ұйқы 50-60 жылдан соң мидың қартаю қаупін арттырады.
3. Жақсы тамақтану да маңызды. Каролина институтының профессоры Мэй-Лис Хеленниус көбірек көкөністер, жемістер, жаңғақтар, цитрус, зәйтүн майы және балық жеуге кеңес береді.
4. Артық салмақтан арылу керек.
5. Ішек микрофлорасына күтім жасау керек. Басылымның мәліметінше, ми мен іш құрылысы арасында тұрақты байланыс бар. Психикалық денсаулыққа қажет серотонин гормонының 90 пайызы ішекте, он пайызы мида пайда болады.
6. Отбасы мүшелерімен жақсы қарым-қатынаста болу өте маңызды, өйткені отбасындағы атмосфераның жақсы болуы ми денсаулығына жақсы әсер етеді.
7. Ғалымдар сонымен бірге өмір бойы жаңа нәрселерді білуге ұмтылу керек екенін айтады. Өйткені ізденіс мида жаңа жасушалардың пайда болуын қамтамасыз етеді.