Науырыз мейрамы он күн қатар тойланбақ

Главные вкладки

Feb 15, 2021 / 0 комментарии

Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасын бекіту туралы қаулының жобасы "Ашық НҚА" сайтында қоғамдық талқылауға салу мақсатында жарияланды.
Талқылауға арналған құжатты Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі ағымдағы жылдың 9 ақпанында жария етті. Талқылаудың аяқталу күні - 16 ақпан.
Тұжырымдамаға сәйкес Наурызды 10 күн (14-23 наурыз аралығында) бойы атап өту жоспарланған:
14 наурыз – "Көрісу күні"
15 наурыз – "Жайлау күні"
16 наурыз – "Шежіре күні"
17 наурыз – "Тарихқа тағзым күні"
18 наурыз – "Игі істер күні"
19 наурыз – "Шымырлық пен шеберлік күні"
20 наурыз – "Зияткерлік күні"
21 наурыз – "Ұлттық тағамдар күні"
22 наурыз – "Ұлыстың ұлы күні"
23 наурыз – "Жоралғы күні"
Сонымен қатар, жобда мерекені тойлатудың мақсаттары айқындалған.