Нұр-Сұлтандағы жәрмеңкеге еліміздің барлық өңірінен 4 300 тоннадан астам өнім әкелінді
Главные вкладки
Елордада СҚО мен Павлодар облысы өндірушілері тауарларының жәрмеңкесі өтуде. Қыркүйек айының басынан бастап жәрмеңкелерге еліміздің барлық өңірлері қатысты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өз "инстаграм" парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
“Демалыс күндері елордада өтіп жатқан өңірлердің ауыл шаруашылық жәрмеңкесі осы апта қорытындыланады. Қыркүйек айының басынан бастап жәрмеңкеге еліміздің барлық облыстары қатысты. Бүгін және ертең Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары өз өнімдерін ұсынады.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері кезінде Нұр-Сұлтанға 4 мың 300 тоннадан астам өнім әкелді. Мұндай жәрмеңкелерді өткізу әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын бір қалыпта ұстауға мүмкіндік береді. Өнімдер нарықтық бағадан 15-20%-ке төмен. Барлық жеткізілген тауарлар сертификатталған және ветеринарлық бақылаудан өткен. Эпидемиялогиялық жағдайды ескере отырып, барлық санитария нормалары сақталды.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріне қатысқаны үшін әкімдерге мен өңірлердегі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге алғыс айтамын!
Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру үшін бірқатар шаралар қабылданды: "айналым тетігі" жобасын жалғастырдық. Сауда желілеріне азық – түлік сатып алуға бөлінетін сома 13 еседен астам-180 млн теңгеден 2,4 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Бұл әлеуметтік маңызы бар өнімдердің 16 түрінің бағасын ұстап тұруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, егер бұрын жобаға сауда желісінің 4 нысаны қатысса, қазір 12-Магнум, Астықжан, Кенмарт, Вкусмарт, А2, Метро, Анвар, Рахмет, Ақмол, Смолл, Артем, Шапағат. Сонымен қатар, тұрақтандыру қоры құрылды”, - деп жазды Алтай Көлгінов.