Нұр-Сұлтанда тағы да карантин күшейтілді

Главные вкладки

июн 29, 2021 / 0 комментарии

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова елордада шектеу және карантиндік іс-шараларды қатаңдату туралы жаңа қаулыға қол қойды

Жаңа қаулыға сәйкес, онлайн форматта ұйымдастыруды қоспағанда, жабық ғимараттарда қалалық мәдени іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Сонымен қатар, саябақ аймағында орналасқан ашық ауадағы аттракциондардың барлық түрлеріне жұмыс істеуге тыйым салынады.

Одан бөлек, "Ashyq" жобасына қатысатын театр, филармонияларға отыратын орындар санының толуын 20 пайыздан асырмай жұмыс және демалыс күндері сағат 10.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат.

Бұл ретте көрермендерді қатардың ұзындығы бойынша арасында екі кресло қалдырып және қатарлар бойынша шахматтық тәртіппен отырғызу қажет. Сонымен қатар, аталмыш нысандарға акциялар өткізуге тыйым салынады. Олар санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтау керек. 

"Ashyq" жобасына қатысатын кинотеатрлардың жұмысына келсек, оларға отыратын орындар санының толуын 30 пайыздан асырмай жұмыс және демалыс күндері сағат 10.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат. Көрермендер қатардың ұзындығы бойынша арасында екі кресло қалдырлып және қатарлар бойынша шахматтық тәртіппен отырғызылу тиіс. Кинотеатрларға акциялар өткізуге тыйым салынады әрі олар да санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтауға міндетті. Қаулы 2 шілде сағат 00:00 бастап күшіне енеді.