Облыс әкімі Президенттің көңіл айту жеделхатын оқыды

Главные вкладки

Feb 14, 2019 / 0 комментарии

Елбасының ардақты ұстаздарының бірі Сейітхан Ахметұлының жаназасына Алматы облысының әкімі Амандық Баталов арнайы келіп қатысып, Президенттің жеделхатын оқыды, деп хабарлайды Kaskelenkz аудандық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Өмірінің 60 жылын ұстаздық жолға арнаған, Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагері С.Исаев дүйсенбі күні өмірден озған еді. 13 ақпанда ақсақалдың жаназасы Қаскелең қаласында өз үйінде шығарылып, денесі қара жерге тапсырылды. Ардагермен қоштасу рәсімін аудан әкімі Жандарбек Далабаев өзі жүргізді. Ал, майдангер қартпен арнайы қоштасу үшін келген Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мектеп кезіндегі шәкірті, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдаған телеграммасын дүйім жұртқа оқып жеткізіп, өзінің де қоштасу сөзін айтты. 
Абыз ақсақалдың жаназасы оқылған соң, денесі марқұм зайыбы Нұрғайын Кәуезханқызының жанына жерленді.