Оппозициялық белсенді Ержан Елшібаев неге наразы?
Главные вкладки
Сотталған белсенді Ержан Елшібаев өз-өзіне қол жұмсағысы келетінін мәлімдеді деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.
Сотталған азаматтық белсенді Ержан Елшібаев түрмедегі үнемі қысымның салдарынан өз-өзіне қол жұмсайтынын айтқан видео жарияланды.
Белсендінің айтуынша, оны подполковник Ерлік Маханов балағаттап, оппозиция мүшесі екенін айтып жан тыныштығын бермеген. 2021 жылы подполковниктің бұйрығымен Ержан Елшібаев тоғыз айға тергеу изоляторына қамалды. Одан кейін үш айға жалғыз адамға арналған изоляторға жіберілді.
Бұл Елшібаевтың түрме басшылығы тарапынан болған қысымға бірінші рет шағымдануы емес. Түрме әкімшілігінің теріс әрекетіне наразылық ретінде 2020 жылдың тамыз айында өз аузын тігіп тастаған. Ал өткен жылдың шілде айында өз ішіне жарақат келтірген.