Оралда ішімдік ішіп, рөлге отырған полиция бөлімінің басшысы жол апатына ұшырады

Главные вкладки

июн 14, 2021 / 0 комментарии

Оралда полиция қызметкері мас күйінде жол апатына ұшырады деп хабарлайды Қазақпарат. 

Бұл ақпаратты Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков растады. Оның сөзінше, жол көлік оқиғасы 13 маусым күні сағат 02.39-да М.Шолохов пен Ғ.Құрманғалиев көшелерінің қиылысында орын алған. Абай полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы "Фольксваген Пассат"көлігімен арақашықтықты сақтамай, алда кетіп бара жатқан, 33 жастағы әйел жүргізген "Ауди А4" автокөлігімен соқтығысуға жол берген. Ведомство екі жүргізуші де медициналық куәландыруға жіберілгенін хабардар етті.

"Сараптама қорытындысына сәйкес жүргізуші әйел айық, полиция қызметкері жеңіл дәрежелі мас күйінде болған", - деді Болатбек Белгібеков. Полиция департаментінің ресми өкілінің сөзінше, полиция қызметкері 12 маусым күні кешкісін үйінде аздаған мөлшерде спирттік ішімдік ішкенін, сосын ұйықтауға жатқанын айтқан. Бірақ сағат 02.15-те жұмысқа шақыртқаннан кейін автокөлік руліне отырған. 

"Полиция қызметкерін шынында да жұмысқа шақыртқаны анықталды. Қазіргі уақытта оған қатысты қызметтік тексеру жүргізілуде. Соның қорытындысына сәйкес ең қатаң шара алынатын болады", деді Болатбек Белгібеков.