Павлодарда түнгі барға барып, жансақтау бөліміне түскен 24 жастағы жігіт көз жұмды

Главные вкладки

июн 15, 2021 / 0 комментарии

Түнгі барға барып, жансақтау бөліміне түскен 24 жастағы павлодарлық жігіт ауруханада қайтыс болды. Ол 18 күн ес-түссіз жатып, оңала алмаған. Бүгін әкесі ұлынан айырылып қалғанын айтты деп хабарлайды Астана арнасы.

"Ұлымды алған жарақатынан қайтыс болды және пневмонияда әсер етті деп естіртті. Мен бұл нұсқаға сенбеймін. Ауруханада жатқан кісі қалай коронавирус жұқтырады. Ол жансақтау бөлімінде жатты. Карантин деп ешбір туысын ішке кіргізбеді. Тек дәрігерлер ғана кіріп жүрді. Демек, олар ауру жұқтырған балама. Өйткені, дәрігерлер оның беті бері қарап келе жатыр деп айтқан еді", - дейді марқұм Әлішер Советханның әкесі Марат Жұмаділов.

Ер адамның сөзінше, ұлы алғаш ауруханаға түскен кезде ПТР тест алынып, теріс нәтиже көрсеткен. Алайда, бір аптадан кейін алынған тест, оның коронавирус жұқтырғанын анықтаған екен. 

Дегенмен денсаулық сақтау басқармасы марқұмның коронавирустан көз жұмғанын растамаған. Ведомство барлығы сараптамадан кейін белгілі болатынын жеткізген. Айта кетейік, Әлішер Советханның әкесі бұған дейін де, өзіне түсініксіз жайттармен бөліскен болатын. Ол кезде Марат Жұмаділов түнгі бар қызметкерлерінің ақпаратына сенімсіздік танытқан еді. Айтуынша, ұлын әлдекімдер демалыс орнына алдап шақырып, ұрып соққан.

Сонымен қатар, анасы да жанайқайын жеткізіп, түрлі дене жарақатын алғаны ұлының өмірі үшін күресіп жатқанын хабарлаған еді. Қазір бұл іспен полиция айналысып жатыр. Әкесі ұлын өлімші етіп сабаған кінәлі жазадан сытылып кете ме – деп қорқады.