Перзентхана қызметкері коронавирусқа қарсы вакцинадан көз жұмды ма?
Главные вкладки
Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ОКҚ-да өткен брифингте Алматы қаласындағы №4 перзентхананың қызметкері коронавирусқа қарсы вакцинациядан кейін қайтыс болды деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Kaskelen.kz хабарлайды.
БАҚ өкілдері кешеден бері желіде коронавирусқа қарсы вакцинадан соң адамдар қайтыс болып жатқаны туралы ақпарат тарағанын жеткізді.
Осыған байланысты, олар Қазақстанда вакцина салдарынан көз жұмғандар бар ма деген сұрақ қойды.
Сондай-ақ журналистер Алматыдағы №4 перзентхана қызметкерінің өлімі жайлы ақпаратқа пікір білдіруді сұрады.
Денсаулық сақтау вице -министрі Ажар Ғиният қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинадан қайтыс болған адам тіркелмегенін мәлімдеді.
"Егер Алматы облысындағы әріптесіміздің өлімі жайлы айтар болсақ, ақпаратты тексердік. Жанұясы мен туыстарына көңіл айтамын.
Ол вакцинациядан соң екі күннен кейін өз үйінде құлап, қайтыс болған. Сот-медициналық сараптамасы жүргізіліп жатыр.