Перзетхна қызметкерлері мінген шағын автобус аударылды

Главные вкладки

Feb 14, 2021 / 0 комментарии

Әлеуметтік желіде жол жиегінде аударылып жатқан шағын автобустың фотосы мен видеосы тарап жатыр. Ақпаратқа сүйенсек, автобустың ішінде перзентхана қызметкерлері болған деп хабарлайды Kaskelen.kz. Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жол апаты туралы мәлімет Instagram желісіндегі kris_p_issyk парақшасында пайда болды. Жазбаға сүйенсек, шағын автобус ішінде медицина қызметкерлері болған.
"Бүгін 07:40-та Маловодное ауылына жетпей Есіктегі перзентхананың көшуіне байланысты перзентхана үйінің қызметкерлерін тасымалдаған "ГАЗель" аударылып кетті. Ішінде 18 адам болған. Жарақат алған көлік жүргізушісі бүйір терезесін сындырып, адамдарды сыртқа шығарды. Төрт адамның жағдайы ауыр. Бұл "ГАЗельді" басшылық емес, қызметкерлердің өздері жалдаған. Тасымалдауды перзентхана басшылығы қамтамасыз етуі керек", - делінген жазбада.