Президент бірқатар заңға қол қойды

Главные вкладки

Май 25, 2021 / 0 комментарии

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды деп хабарлайды kaskelen.kz.

Президент бүгін, 25 мамырда:

«2021 — 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына;

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында банктік, микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына;

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына;

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды.

Конституциялық заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.