Ресейде 15 жастағы оқушы атыс шығарды
Главные вкладки
Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы гимназиялардың бірінде оқушы пневматикалық тапаншадан оқ атқан. Бұл ақпаратты Санкт-Петербург пен Ленинград облысындағы ІІМ Мемлекеттік басқармасында растады, деп хабарлайды Stan.kz.
Полицияға бұл жайтты жергілікті тұрғын қоңырау шалып айтқан. Ол үйлердің бірінің ауласында екі жасөспірім тапанша тәрізді затпен атыс ұйымдастырғанын айтты. Полиция оқиға орнына жетіп, 16 жастағы мектеп оқушысымен сөйлескен.
Ол өзінің 15 жастағы сыныптасы оқ атқанын айтты. Полиция тәртіп бұзушыны тапқан. Ол тапаншаны даладан тауып алғанын айтты. Жасөспірім оқ атып көргісі келгенін, осы мақсатта ағаштарға атқанын жеткізді.
Қару тәркіленіп, атылған адам ата-анасына тапсырылды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Зардап шеккендер бар-жоғы анықталып жатыр.