Сақтандыру полисін көрсетудің қажеті жоқ

Главные вкладки

ноя 05, 2018 / 0 комментарии

Қазақстанда 2019 жылдан бастап онлайн-сақтандыру енгізіледі.  Ұлттық банктің хабарлауынша, сақтандыру ұйымдарының клиенттері сақтандыру келісімшартын электронды түрде жасай және сақтандыру полисін рәсімдей алады. Жүргізушінің сақтандыру келісімшартын жасаған, жасамағанын бірыңғай база арқылы тексеруге болады.

Осылайша, міндетті  сақтандыру  келісімшарты бойынша  қағаз  түріндегі  полистер қажет болмайды. Жүргізушілер де полиция қызметкерлеріне сақтандыру полисін көрсету міндетінен құтылады. Енді, ҚР Әкімшілік кодексіне енгізілген өзгертулерге сәйкес, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап өзімен бірге сақтандыру полисі болмаған жүргізушіге 5 АЕК көлемінде (2018 жылғы ахуал бойынша 12 мың теңгеден аса)  айыппұл  салынбайтын  болады.

 

Аталған өзгеріс халық пен бизнес үшін сақтандыру құнын арзандатуға мүмкіндік береді.