Сақ туралы мәлімет
Главные вкладки
Сақ тайпасының әртүрлі атаулары болған. Ежелгі гректер оларды «азиялық скифтер», ал парсылар – «құдіретті еркектер» деп атаған. Сақтар көшпелі тайпалардың қатарына кіреді. Мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналысқан. Сондай-ақ, қыш бұйымдарын, зергерлік бұйымдарды және тасты өңдеуде жоғары жетістіктерге жете алды. Олар – Алтай, Сібір, Еуропа және Қытай халықтарымен сауда жүргізген. Б.з.б. VII-IV ғасырларда, сақтар тайпалық одақтарға біріге бастады. Рулық одақтың басында, тайпа басшыларының әскери кеңесімен сайланатын патша тұрды. Бұл алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырап, әскери демократияның қалыптасу кезеңі еді. Сақ қоғамында патша Құдайдың сүйіктісі, аспан мен жерді байланыстыратын буын болып саналды. Сақ қоғамы үш топтан құралды – жауынгерлер, діни қызметкерлер, мал өсірушілер және егіншілер. Әйелдер ерекше құрметтелген, шайқастарға ерлермен бірге қатысқан, тіпті билеуші болып сайланғандары да болды (Мысалы, Томирис).