"Скотчпен жапсырылған": Желіде сотталушының фотосы қызу талқыға түсті

Главные вкладки

Май 05, 2021 / 0 комментарии

Әлеуметтік желіде арқасына "Қоғам алдындағы қарызыңды өте" деген жазу жапсырылған сотталушының суреті қызу талқыға түсіп жатыр. Мұндай жаңашыл әдісті Қарағанды облысы қолданған көрінеді. Өңірлік ҚАЖД баспасөз қызметі желіде тараған суретке қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Kaskelen.kz.

Әлеуметтік желідегі жазбада Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері сотталушының арқасына скотчпен "Қоғам алдындағы қарызыңды өте " деген жазуы бар қағаз жапсырып, суретке түсіргені, ал мұндай әрекеттің адамды қорлау екені айтылады.

"Арнайы формаға ақша жұмсамас үшін және "Қоғам алдындағы қарызыңды өте" жобасы жайлы айту үшін ҚАЖД қызметкерлері А4 форматындағы қағазды қолдануды және оны арқасына (сотталушының-ред.) скотчпен жабыстыруды жөн деп тапқан. Айтарға сөз жоқ", - делінген желідегі пабликтердің біріндегі жазбада. 

Фотоға қатысты көпшіліктің пікірі екіге бөлінді. "Жазуда тұрған ештеңе жоқ", "Ол жазаға тартылды, енді өтеп жатыр", "Мұнда тұрған не бар?", "Бұл нағыз мазақ", - дейді пікір қалдырушылар.

Бұл фотоға қатысты Қарағанды облысы ҚАЖ департаменті пікір білдірді. Олардың айтуынша, қазір шын мәнісінде "Қоғам алдындағы қарызыңды өте" пилотты жобасы жүзеге асырылып жатыр. Оған сәйкес, жазасын өтеуші қоғамдық жұмыстарға тартылғандарға жазуы бар жарық шағылыстыратын арнайы киім киеді.

"Мәселен, 3 мамыр күні пилотты жобаны жүзеге асыру аясында сотталушы Бұқар-Жырау ауданы әкімдігі жанындағы ауданды аббаттандыру жұмыстарымен айналысты. Әлеуметтік желіде жарияланған жазба сол жайында. Аталған факті бойынша қызметтік тексеріс басталды", - дейді ведомстводан.