Соққыға жығып, сырғасын тартып алған

Главные вкладки

янв 09, 2019 / 0 комментарии

Жас жігіт егде жастағы соққыға жығып, құлағындағы сырғасын тартып алып кеткен. Оқиға Қарасай ауданына қарасты Іргелі округіндегі тұрғын үйлердің бірінің подьезінде жаңа жыл қарсаңында болған. Оқыс жағдай көрініс тапқан бейне жазбаны тұрғындар Tengrinews.kz. редакциясына жолдаған деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.

Алматы облыстық полиция департаменті бұл оқиғаны растап отыр.
_Анықталғандай, күдікті көрші ауылды мекендейтін 1980 жылғы жігіт болып шыққан. Қазіргі таңда ҚР ҚК «Тонау» 191 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті ұсталған. Іс Қарасай аудандық полициясы қызметкерлерінің өндірісінде.