Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу бойынша келісімге қол қойылды
Главные вкладки
Маңғыстау облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті мен жеке кәсіпкер «Булекбаев М.Д» сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу бойынша келісімге қол қойды. Келісім «Бизнес пен инвестицияларды қорғау» жобасы аясында жасалды. Кәсіпорын балық шаруашылығын дамытумен айналысады. Жоба құны 65,842 миллион теңге.
Қазіргі кезде облыс бойынша инвесторлармен 1 трлн. теңгеден асатын 19 жобаға қол қойылған.
Айта кетейік, «Бизнес пен инвестицияларды қорғау» жобасының мақсаты – инвестицияларды сыбайлас жемқорлықтың қысымынан қорғау.